KazSMO
Educational
Intensive
Осындай халықаралық форматтағы және ауқымдағы білім беру курсы Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр.
Білім беру курсының үш күні
Қазақстандық медициналық онкологтар мектебі (KazSMO) мен ҚазОжРҒЗИ-дің білім беру алаңы: дәлелді медицина, халықаралық клиникалық ұсынымдар және пациенттерді мультидисциплинарлық жүргізу тәжірибесі.
Хирургия, жүйелі терапия, сәулелік емдеу, патология және молекулалық диагностика.
Диагностика мен емдеудің заманауи тәсілдері, мультидисциплинарлық топ.
Қатысушылардың баяндамалары, секциялық отырыстар және серіктес компаниялардың индустриялық симпозиумдары.
Воркшоптар және шеберлік сыныптар
Практикаға бағытталған сессиялар заманауи клиникалық және зерттеу дағдыларын меңгеруге арналған. Әр воркшопқа тіркелу бөлек және ақылы («Тіркелу» бөлімін қараңыз).
Қазақстан Республикасында өкпе обырын скринингтеудің пилоттық жобасы іске қосылуына байланысты ерекше практикалық маңызға ие: халықаралық хаттамалар және осындай бағдарламаларды енгізудің озық тәжірибесі.
Воркшоптар 17 қарашада, шеберлік сыныптар 18 қарашада — негізгі бағдарламамен қатар өтеді. Әрқайсысына тіркелу бөлек және ақылы.
Дәрістер · сарапшылық пікірталастар · клиникалық жағдайларды талдау · мультидисциплинарлық консилиумдар · интерактивті сессиялар
Күндер бойынша кесте
Үш күндік толық бағдарлама — баяндамалар, секциялық отырыстар, воркшоптар және шеберлік сыныптар — курстың жеке бетінде жарияланған.
Курстың сегіз бағыты
Молекулалық диагностикаға, дербестендірілген терапияға, заманауи тарегтті және иммуноонкологиялық препараттарға, пациенттерді маршруттауға, жағымсыз құбылыстардың алдын алу мен түзетуге ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен және шет елдерден 200-ден астам онколог, химиотерапевт, онколог-хирург, радиотерапевт, сәулелік диагностика мамандары мен патоморфологтар күтіледі.
Тіркелу
Тіркелу ашық. Қатысушы формасын толтырыңыз — төлем онлайн қабылданады.
Тіркелуге өтуШақырылған сарапшылар
Спикерлер тізімі толықтырылуда — Ұлыбритания, Испания және Түркиядағы беделді клиникалардың жетекші сарапшылары күтіледі.
Сөз сөйлегіңіз келе ме? Спикер өтінімін беру →ҚазОжРҒЗИ, Алматы
Алматы, Қазақстан










